2022 жылдың 8 қыркүйегінде "Зейнеп" ЖКК ауылдық жерлердегі адамдарға, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтарға және студенттерімізге есігін айқара ашты. Бұл күні колледждің салтанатты ашылуы болды. Колледждің ашылу салтанатын Қостанай облысының әкімі Аксакалов Кумар Иргибаевич (Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі) және AlmaU қамқоршылар кеңесінің төрағасы Бердалина Жанат Колановна өткізді.
12 қыркүйекте біздің колледж студенттері алғашқы сабақтарын өткізді. ҚР 5 өңірінен біздің колледжге келіп түскен, жалпы студенттер саны 98 болды . Лицензия алған алғашқы мамандықтар ол бағдарламалық жасақтама және туризм.