Оқу-өндірістік практика
Зейнеп " колледж студенттерінің тәжірибесі жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады

Оқу-өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері мынадай:

  • теориялық оқуды заманауи өндіріспен байланыстыруды қамтамасыз ету;
  • мамандық бойынша қажетті білім және тәжірибелік жұмыс өтілімен қаматамасыз ету;
  • кәсіби қызметтік дағдыларын дамыту және студенттердің бейімделу үрдісін қысқарту;-колледжді бітіргеннен соң студенттердің жұмысқа тұруларына жағдай жасау.

Мамандық бойынша оқу тәжірибесі оқушылардың білімдерін көтеруге бағытталған, сондай-ақ бастапқы тәжірибеден өту таңдаған мамандықтары бойынша жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін игеру үшін керек. Оқу тәжірибесі колледж қабырғасында және оқу орталықтарында жүргізіледі.

Өндірістік тәжірибе мамандық бойынша өндіріс орындарында немесе арнайы ұйымдарда жұмыс істеу арқылы жүргізіледі. Өндірістік тәжірибе студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптасыру және мамандық бойынша тәжірибелік жұмыстың өтіліне ие болу мақсатында өткізіледі.

Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу мақсатында колледжіміз СҚО-да орналасқан базалық кәсіпорындармен және ұйымдармен шарттар жасасу бойынша үлкен жұмыс жүргізеді:

1) ЖШС "Лобаново"

2) Айыртау ауданы әкімі аппаратының Туризм және кәсіпкерлік бөлімі

3) Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы

4) "Көкшетау" МҰТП Шалқар филиалы

5) ЖШС "Исагали"

6) ЖШС"АГРО-ФИРМА ЖЕЛКУАР 2003"

6) Демалыс базасы "Казы Гурт"

7) Демалыс базасы "Арман"

8) ЖШС "Гусаковка"

9) ЖШС"Константиновка"

10) ЖШС"Айыртау - Информ"

11) ЖОО Almaty Management University

Өндірістік тәжірибеден өту кезінде студенттерге жетекші тағайындалады. Тәжірибе жетекшілері колледж бен ұйым немесе кәсіпорын жетекшілері арасындағы байланысты қалыптастырып отырады және тәжірибенің жұмыс оқу бағдарламасын құрастырады, әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлейді, студенттерді кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындарына бөледі, тәжірибенің өту барысын қадағалап отырады, студенттердің есеп беру кезінде туындайтын қиындықтарға әдістемелік көмектерін көрсетеді. Тәжірибеден өту кезінде студенттер тәжірибелік күнделік толтырады.

Студенттер өндірістік тәжірибеден өткен соң жұмыстарының нәтижесін көрсету мақсатында презентациялық материалдар мен рәсімделген құжаттамалар арқылы есеп береді.